№ 92 мектеп-лицей

Білім беру ұйымы  жаратылыстану-математика бағыты бойынша жұмыс істеп отырған  №92 мектеп-лицейі. Сонымен қоса,  IT- инженерияға бейімдеп тереңдетіп оқыту – мектептің негізгі бағыты.

Мектебіміз информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды белсенді зерттей отырып, оқушылардың жеке шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту мақсатында жұмыстар атқаруда. 

Мектептің сыйымдылығы 1200 орындық, қазіргі таңда мектепте 1300 оқушы білім алуда.  

Толығырақ

Мектеп миссиясы

Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы  IT құзыреттілігін дамыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

Жолдасбекова Оразкул Абсеметовна

Туған жылы: 16 қазан 1970 жыл.

Білімі: 

-Жоғары. Алматы қ:, 1995ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  институты, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бакалавр;

-Жоғары. Шымкент қ:, 2011ж. Шымкент Университеті, юриспруденция  факультеті, бакалавр;

Директорлық қызметке дейінгі жұмыс орны:  Басшының орынбасары, «Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Нұр-Сұлтан қ.».

Жалпы еңбек өтілі: 21 жыл.

Еңбек жолы: 

1995 - 2004 ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,№81 ом, Алматы қ.;

2005 - 2009 ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі №81 ом, Қарағанды қ.;

2009 ж.,ақпан. –2011 г., маусым. Консультант, «ҚР Жоғары Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы» РМКК;

2011 ж., қыркүйек – ақпан, 2013 ж. Бас маман, Астана қаласы «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы АҚФ, Әкімшілік-шаруашылық сұрақтар бойынша басқармасы, Астана қ.; 

2013-2021 жж. Басшының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Нұр-Сұлтан қ.

Марапаттары:

2014 жылғы ҚР БҒМ БҒСБК-нің «Құрмет грамотасы»;

2018 жылғы ҚР БҒМ-нің «Құрмет грамотасы»;

2018 жылғы ҚР БҒМ БҒСБК-нің алғысы;

2018 жылғы «Астана 20 жыл» мерекелік медалі; 

2020 жылғы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі.

2021 жылғы «Білім сапасында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің 10 жыл» мерейтойлық медалі.

Толығырақ

Жаңалықтар